Дзюдодан ел чемпионаты Семейде өтеді
10-13 қараша аралығында Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
Ел чемпионатының нәтижесінде 2025-2026 жылғы маусымға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Айта кетейік, додада сондай-ақ, аралас командалық сайыстар ұйымдастырылады.
Қазан айының орта шенінде бокстан ел чемпионаты Семей қаласында өткен болатын.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған