Мәзір
Күрес

Дзюдодан аралас командалар арасында ел чемпионатының жүлдегерлері анықталды

Сабина Асқарқызы 200 қаралым
Дзюдодан аралас командалар арасында ел чемпионатының жүлдегерлері анықталды

 

Семей қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында биылғы Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері анықталды, деп жазады malimsports.kz.

Аралас командалық сайыстың нәтижесі:

1. Абай облысы

2. Астана қаласы

3. Қызылорда облысы (былтырғы ел чемпионы)

3. Жетісу облысы.

 

10-12 қараша күндері аралығында жекелей сын бойынша Маңғыстау облысының командасы 3 алтын, 1 қола медаль иеленді. Осылайша, батыс аймақтың татами шеберлері ел бойынша ең көп алтын медаль иеленген өңір атанды.

 

Екінші сатыға Абай облысының құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 3 қола жүлдемен жайғасты. Ал үздік үштікті Атырау облысы 2 алтын, 2 қола медальмен түйіндеді.

Фото: ҚР дзюдо федерация 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар