Диас Қален атақты қырғыз балуанымен тең түсті
Албания астанасы Тирана қаласында өтіп жатқан Мұхамед Малоны еске алуға арналған халықаралық күрес турнирінде Қазақстан құрамасы екі балуанынан айырылды.
Грек-рим күресінен қазақстандық Диас Қален 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің 1/8 финалында Қырғызстанның өкілі, әлемнің екі дүркін және Азияның үш дүркін чемпионы Ақжол Махмудовпен кездесті.
Қазақстандық балуан атақты қарсыласына табанды қарсылық көрсетіп, белдесуді 4:4 есебімен тең аяқтады. Алайда соңғы ұпайды еншілеген қырғыз спортшысына жеңіс берілді.
Осы салмақ дәрежесінде тағы бір қазақстандық балуан Әмір Толебаев та жеңіліс тапты. Ол әзербайжандық Тунджай Вазирзадеге 0:4 есебімен жол берді.
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған