457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Демеу Жадыраев әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Демеу Жадыраев бірінші кезеңде 5:0 есебімен алда тұрып, шешуші сәтте оңбай қателесті.

Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды malimsports.kz
Бүгін Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 4 салмақта жүлдегерлер анықталып жатыр.
Команда көшбасшысы Демеу Жадыраев (-77 кг) пен мажарстандық Роберт Атилла Фрич қола жүлдені сарапқа салды. Аса тартысты өткен белдесуде Роберт Аттила Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерінен басым түсті. Есеп: 5-6.
Кеше Загребтегі іріктеуде отандасымыз Йонни Куннари Сарккиненнен (Финляндия), Алекса Иличтен (Сербия) басым түсті. Аса шиеленісті өткен ширек финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Нао Кусакаға жол берді. Ал бүгін жұбаныш белдесуінде Игорь Бычковты (Украина) жықты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы