Циндао Гран-приі: Ұлттық құрама дзюдошысы жүлде үшін сынға түседі

Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әділет Алмат финалдық кезеңге өтті.
Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Есито Ходзеге есе жіберді. Енді дзюдошы қола медаль үшін Түркия өкілі Ведат Албайракпен белдеседі.
Жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасынан төрт спортшы татамиге шыққанымен, ешқайсысы шешуші кезеңге өте алмаған еді. 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дәурен Сүйекенов пен Алдияр Қарғұлов, сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақтағы Нұрмұхамбет Ботабай мен Ердәулет Босжа алғашқы айналымнан әрі аса алған жоқ.


Ең көп оқылған
