457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бразилия атынан күресетін қазақ балуаны әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Жамбыл облысының тумасы Марат Гарипов бүгінде Бразилия құрамасы сапында ардагерлер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті

Бразилия атынан күресіп жүрген этникалық қазақ балуаны Марат Гарипов грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, malimsports.kz.

Жамбыл облысының тумасы Марат Гарипов бүгінде Бразилия құрамасы сапында ардагерлер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болып отыр. Байрақты бәсеке Венгрия астанасы Будапештте өтті.

Гарипов бұл чемпионатқа үлкен мақсатпен барғанын жасырмады.

«Мен үшін бұл жарыстың маңызы ерекше болды. Будапештке тек алтын медаль алу үшін бардым. Себебі өзімді жоғары нәтиже көрсетуге дайын сезіндім. Бірақ, өкінішке қарай, қола медальмен шектелуге тура келді. Жоғарғы тұғырға көтеріле алмағаныма аздап көңіл қалды. Дегенмен, бұл мен үшін тоқтап қалу емес – керісінше, жаңа бастаманың басы деп білемін. Әлі де мансабымды аяқтаған жоқпын. Келешекте ересектер арасындағы әлем чемпионатына да қатысуым мүмкін», – дейді тәжірибелі балуан.

Қазіргі таңда Гарипов АҚШ-тың Филадельфия қаласында тұрады. Сол жақта белсенді түрде жаттығуын жалғастырып, спорттық бабын сақтап жүр. Ол АҚШ-тағы спорт залдары мен жаттықтырушылар қауымдастығына алғысын білдірді.

«Маған АҚШ-та өте жақсы жағдай жасалған. Жоғары деңгейде жаттығуға мүмкіндік бар. Соның арқасында әлемдік жарыстарда бақ сынап жүрмін», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Марат Гарипов өзінің жеке бапкері Қанат Әбілдиновке ерекше ризашылығын білдірді.

«Менің спорттағы жолымда бапкерім Қанат Әбелдиновтің еңбегі өлшеусіз. Ол әрқашан маған сеніп, шабыт беріп, қиын сәттерде қолдау көрсетті. Оның кәсібилігі мен ақыл-кеңестері – мен үшін үлкен мотивация», – дейді әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Фото: tonyrotundo.smugmug.com