Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өткен рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Болат Сакаев жүлделі үшінші орынға көтерілді.
Қазақстандық балуан жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде грек спортшысы Георгиос Куюмцидиске жол берді.
Ал қола медаль үшін өткен белдесуде Болат Сакаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтен басым түсті.
Фото: UWW