«Бес жас кіші»: Абиба Әбужақынованың күйеуі туралы мәлімет белгілі болды
Қазақстандық дзюдошы, әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынованың кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осы аптада сырға салынған спортшы дзюдодан ҚР ұлттық ерлер құрамасының мүшесі Ермахан Әнуарбековке тұрмысқа шығатыны мәлім болды. Бұл туралы спортшы желіде бірге түскен фотосурет жариялап, болашақ күйеуін көпшілікке таныстырды.
Ермахан Әнуарбеков 90 келіде күресетін Абай облысының балуаны. Ашық дереккөздегі мәлімет бойынша дзюдошының жасы қазір 24-те. Ол 2024 жылы Ақтөбеде өткен ел чемпионатының жеңімпазы. Спортшы былтыр шілде айында Ұлан-Батыр Гранд Слэмінде бесінші орынға тұрақтаған. Сонымен бірге, 2025 жылы Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде сынға түсті.
Абиба Әбужақынова ұлтты құрама сапында күресетін дзюшыға тұрмысқа шыққалы отырған үшінші қалыңдық атанды. Бұған дейін әйелдер арасында Кәмила Берліқаш құрама мүшесі Ислам Тоқтасынмен (-73 кг) отау құрып, өткен жылдың ортасына таман қызды болған еді. Сонымен бірге, пара дзюдо құрамасының өкілі Ақмарал Науатбек бірнеше жыл бұрын 2024 жылғы ел чемпионы Мәди Амангелдіге тұрмысқа шыққан.
1997 жылдың 4-ші шілдесінде дүниеге келген Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтаған. Сонымен бірге, ол 2022 және 2024 жылдары өткен әлем біріншілігінде қола жүлде алса, 2025 жылы ӘЧ-де күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарының күміс жүлде алса (2023), екі мәрте құрлық додасында күміспен күптелді (2021, 2022 ж).
Фото: instagram.com/abiba48
Ең көп оқылған