Мәзір
Күрес

Бақдәулет Ағабек еркін күрестен U17 әлем чемпионатының финалына шықты

Сабина Асқарқызы 62 қаралым
Бақдәулет Ағабек еркін күрестен U17 әлем чемпионатының финалына шықты

Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

48 келіге дейінгі салмақта еркін күрес шебері Бақдәулет Ағабек жартылай финалда өзбекстандық Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық балуан финалға жолдама алып, шешуші белдесуде үндістандық Аарьянмен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгін, 31 шілдеде, 110 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сағындық Темірғали де финалға шығу үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Омаров болмақ.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар