457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Балуан Юсуф Мациев U23 әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Максим Аверинді (Ресей) 9:4 есебімен тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды.

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Максим Аверинді (Ресей) 9-4 есебімен тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Мамырбеков қарсыласының финалға шыққанына байланысты қола жүлде үшін күреседі.

Сондай-ақ Мерей Мәулетханов 72 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Аброр Атабаевқа (Өзбекстан) есе жіберді. Енді қола медаль үшін бақ сынайды.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі