Мәзір
Күрес

Балуан Ибрагим Магомадов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 102 қаралым
Балуан Ибрагим Магомадов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ибрагим Магомадов Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.

Бұл кезеңде отандасымыз бозкілемде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Арам Варданянмен (Өзбекстан) кездесті.

Белдесу 3:1 есебімен Магомадовтың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде, жартылай финалға Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) та шықты.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар