457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия ойындарына баратын балуандар Мажарстандағы турнирден кейін анықталады

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Қонысбек Кәрімұлы Мажарстанның Будапешт қаласында өтетін рейтингтік турнирдің ұлттық құрама үшін маңызын айтып, Азия ойындарына дайындық барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

15 шілдеде басталатын халықаралық дода 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын құрамды іріктеудегі негізгі кезеңдердің бірі болмақ. Бас бапкердің айтуынша, жарыс балуандардың қазіргі дайындығын бағалап, қай бағытта жұмыс істеу керектігін анықтауға мүмкіндік береді.

Құрамда бірқатар өзгеріс бар. Демеу Жадыраев бұл турнирде 82 келіде күреседі. Ал жарақатына байланысты Тимур Оспанов Будапештке бармай, Германияда ем қабылдап, кейін Дортмундтағы турнирге қатысады. Қазіргі таңда Түркістанда Түркия, Марокко және Ресей құрамаларының қатысуымен халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. 150-ге жуық балуан қатысып жатқан жиын 15 шілдеге дейін жалғасады, – деп мәлімдеді бас бапкер ҰОК берген сұхбатында.

Бас бапкердің сөзінше, Азия ойындарына қатысатын құрамның алдын ала тізімі жасалған. 97 келіде Ислам Евловқа, 130 келіде Олжас Сырлыбайға сенім артылып отыр. Ал 67 келіде Мейіржан Шермаханбет көш бастап тұр. 60 келіде Ербол Камалиев пен Ернұр Фидахметов арасындағы бәсекенің жеңімпазы Азиада жолдамасына ие болады. Бұл салмақтағы негізгі үміткер Айдос Сұлтанғалиев Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына арнайы дайындалады.

Мажарстандағы жарыстан кейін ұлттық құрама қысқа мерзімді демалыс алып, 8-26 тамыз аралығында Алматы облысының таулы аймағында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін балуандар Түркістанға қайта оралып, Азия ойындары алдындағы соңғы дайындық кезеңін жалғастырады.

 

Фото: ҰОК