Мәзір
Күрес

Азия ойындары: Бақдәулет Ағабек еркін күрестен қола жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 237 қаралым
Азия ойындары: Бақдәулет Ағабек еркін күрестен қола жүлдегер атанды

Еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жерлесіміз 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақдәулет жапониялық Рику Фурусавамен күресті. Нәтижесінде қазақстандық балуан 3-2 есебімен жеңіске жетті.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар