Мәзір
Күрес

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына үш жүлде түсті

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына үш жүлде түсті

Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Еркебұлан Анапия 82 келіге дейінгі салмақтың финалында Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейниден жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротаны тізе бүктірді.
97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев қола медаль үшін өткен айқаста Қытай өкілі Синью Люді жеңді.

Фото: UWW

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар