Азия чемпионаты: Дзюдодан жасөспірімдер құрамасы 9 жүлдеге ие болды

Джакартада дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде 1 алтын, 3 күміс және 5 қола жүлде жеңіп алды.
Оның ішінде 50 келі салмақта Фархат Зейнолла алтын медаль иегері атанды. Күміс жүлдені Бекнұр Амангелді (55 кг), Таңжарық Момынтай (60 кг) және Заманбек Бақтығали (66 кг) жеңіп алды. Ал қола медальға Әбіш Пердалы (50 кг), Аслан Ерғалиев (55 кг), Зере Талғатқызы (40 кг), Аяжан Ринатқызы (48 кг) және Жанайым Маратбек (52 кг) қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жарыстың алғашқы күнін 9 жүлдемен қорытындылап отыр.
Бұған дейін еліміздің ересектер құрама Қытайда өткен Азия кубогында
1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Фото: ҚР дзюдо федерациясы

Ең көп оқылған
