Аустриядағы жарысқа баратын дзюдошылар анықталды
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Аустрияның Линц қаласында өтетін Гран-при жарысына қатысады.
Дүбірлі дода 6-8 наурыз аралығында болады. Үш күнге жоспарланған жарыс барысында әлемнің 62 елінен 503 балуан сайысқа түседі.
Ерлер құрамасында Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев (66 келі), Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат (81 келі), Айдар Арапов (90 келі), Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан (100 келі), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.
Ал әйелдер құрамасында Абиба Әбужақынова, Диана Буркеева (48 келі), Дана Абдирова, Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Ажар Асхат (70 келі), Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) бар.
Фото: ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған