457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асыл Айтақын Будапештегі рейтингтік турнирде топ жарды

Қазақстан құрамасы Мажарстанның Будапешт қаласында өтіп жатқан күрестен рейтингтік турнирде тағы екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс күнінің басты жетістігі еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асыл Айтақынның еншісіне бұйырды. Қазақстандық балуан барлық қарсыласын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Асыл Айтақын финалға дейін әзербайжандық Нұраддин Новрузовты 9:0, үндістандық Дипакты 2:1 есебімен жеңді. Ал алтын медаль үшін өткен белдесуде түркиялық Толга Өзбектен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Осы салмақ дәрежесінде Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені Әділет Әлмұхамедов салды. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Гиорги Гониашвилиді 6:5 есебімен жеңіп, үздік үштіктен көрінді.

Сондай-ақ 57 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай мен Нұрданат Айтанов қола жүлдеге ие болды.

 

Фото: Бірікке күрес әлемі