Мәзір
Күрес

Астанада «Qazaqstan Barysy» турнирінің финалдық кезеңі өтеді

Сабина Асқарқызы 154 қаралым
Астанада «Qazaqstan Barysy» турнирінің финалдық кезеңі өтеді

Ұлттық мақтанышымызға айналған «Qazaqstan Barysy» республикалық турнирінің финалы жақындап қалды. Бұл айтулы сайыс Республика күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Әр өңірдің үздік балуандары бозкілемде белдесіп, қазақ күресінің ең мәртебелі атағы – «Тайтұяқ» үшін бақ сынайды.

Қазақ күресінің айтулы бәскесі 18 қазан күні 12:00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында басталады. 

Финалдық сынға еліміздің әр аймағынан жалпы саны қырықтан астам балуан қатысады деп күтіліп отыр. 

Өткен жылы аталған турнирде семейлік Ерасыл Қажыбаев чемпион атанған болатын. Балуан алтын тайтұяқпен бірге 15 млн теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Фото: 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар