Мәзір
Күрес

Астанада қазақ күресінен «Жас сарбаз барысы» турнирі өтті

Сабина Асқарқызы 222 қаралым
Астанада қазақ күресінен «Жас сарбаз барысы» турнирі өтті

Астанадағы «Өндiрiс» спорт кешенінде қазақ күресінен жастар арасында «Жас Сарбаз барысы» турнирі өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Турнирдің ұйымдастырушысы – «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы. Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен өтті.

Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында ұлттық қазақ спорт түрлерін танымал ету, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.

«Бүгін мұнда жиырмадан астам жас спортшы күш сынасып жатыр. Олардың барлығы – біздің әскери-патриоттық қозғалысымыздың қатысушылары. Ең үздіктері республикалық деңгейдегі жарыстарда Астананың атынан сынға түседі», – деді «Жас Сарбаз» қалалық филиалының төрағасы Айдархан Маханбет.

Фото: Астана қаласының әкімдігі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар