457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада өтетін күрестен әлем чемпионатының ресми бойтұмары таныстырылды

Астанада өтетін ересектер арасындағы күрестен әлем чемпионатына 100-ден астам елден мыңнан аса балуан қатысады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлем чемпионаты 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы Barys Arena спорт кешенінде өтеді. Жарыста грек-рим күресі, әйелдер күресі және еркін күрестен 10 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары анықталады.

Вице-министрдің айтуынша, мұндай ауқымды халықаралық жарысты өткізу Қазақстанның спорттық әлеуетін және әлемдік деңгейдегі іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мүмкіндігін айқын көрсетеді.

Чемпионатты өткізу құқығы Қазақстанға биылғы мамыр айында берілді. Қазіргі таңда Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан күрес федерациясы және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жұмыс жоспары мен ұйымдастыру комитетін бекітті.

Сонымен қатар United World Wrestling (UWW) ұйымының техникалық делегациясы Астанаға келіп, жарыс өтетін спорт нысандарының дайындығын бағалады. Қазір барлық бағыт бойынша кешенді дайындық жалғасып жатыр.

Дайындық барысында халықаралық талаптарға толық сәйкестікті қамтамасыз етуге, спортшылар мен жанкүйерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және жарыс инфрақұрылымын сапалы әзірлеуге ерекше назар аударылуда.

Әлем чемпионатының ресми тұмары ретінде Muzbalaq – Мұзбалақ таңдалды. Қазақ дүниетанымындағы қыран құс еркіндіктің, күштің, батылдықтың және қырағылықтың символы саналады. Бұл қасиеттер күрестің басты құндылықтары – қайсарлық, табандылық және жеңіске деген ұмтылыспен үндеседі.

Айта кетейік, Астана ересектер арасындағы күрестен әлем чемпионатын жеті жылдан кейін қайта қабылдайды. Бұған дейін дүбірлі дода елордада 2019 жылы өткен болатын.

 

Фото: Ортком

Ең көп оқылған