Мәзір
Күрес

Аруна Жангелдина Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды

Сабина Асқарқызы 196 қаралым
Аруна Жангелдина Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аруна Жангелдина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз 78 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда Джангельдина Камерун балуаны Георгику Мунесті жеңді. Айта кетейік, Аруна Джангельдина осы ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Сондай-ақ, дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Айдар Арапов қола жүлдегер атанды. Ол 90 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан Мухамеджон Абдужалилзаданы (Тәжікстан) жеңді. Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Түркия өкілі Ведат Албайракымен кездескен еді. Белдесудің қорытындысы бойынша қазақстандық балуан қарсыласына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады. 78 келіден жоғары салмақта Назгүл Маратова үшінші орынға көтерілді. Қола үшін өткен белдесуде Назгүл Камерун спортшысы Ришель Анитадан басым түсті.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар