457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақтауда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Жарысқа еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан шамамен 850 жас дзюдошы қатысты. 

Ақтау қаласында 2009-2010 жылы туған жас спортшылар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Биылғы маусымдағы ең ауқымды жастар додаларының бірі болып саналатын бұл жарысқа еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан шамамен 850 жас дзюдошы қатысты. 

Алдағы күндері татами үстінде мықтылар анықталып, халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын болашақ чемпиондардың есімдері белгілі болады.

Чемпионатты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан дзюдо федерациясы және Маңғыстау облысының әкімдігі бірлесе ұйымдастырды. Жарыстың әділ әрі жоғары деңгейде өтуі үшін республикалық санаттағы тәжірибелі төрешілер құрамасы тартылды.

Аралас-командалық жарыста Астана қаласының командасы топ жарса, күміс жүлдені Қызылорда облысының жас дзюдошылары иеленді. Ал үшінші орындарды Маңғыстау мен Түркістан облысының командасы иеленді. 

Фото: МО әкімдігінің баспасөз қызметі