Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпиондары анықталды
Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының кезекті күні аяқталып, еркін күрестің 61, 70, 86, 125 келі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ әйелдер күресінің 65 және 76 келі салмақтарында жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.
Еркін күрестегі күннің басты айқасы аса ауыр салмақта өтті. 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы Едіге Қасымбек тәжірибелі балуан, Токио және Париж Олимпиадаларының қатысушысы Әлішер Ерғалиды 2:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Бұған дейін Әлішер Ерғали грек-рим күресінде де күміс жүлдеге ие болған еді.
70 келі салмақта ең көп – 43 балуан бақ сынады. Финалда Санжар Досжанов салмағын ауыстырған Майис Әлиевке қарсы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Әйелдер күресінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова финалда астаналық Гүлмарал Еркебаеваға есе жіберді.
Еркін күрес нәтижелері
61 келі
Асыл Айтақын (Алматы қ)
Әбдінұр Нұрланбек (Жамбыл обл)
Өсімжан Дастанбек (Алматы обл)
Мұхамед Балғабай (ШҚО)
70 келі
Санжар Досжанов (Алматы қ)
Майис Әлиев (Маңғыстау обл)
Мейіржан Аширов (Жамбыл обл)
Бек Жақсылықов (Ақтөбе обл)
86 келі
Болат Сақаев (Атырау обл)
Асхаб Хаджиев (Қарағанды обл)
Рүстем Мырзағалиев (Жетісу обл)
Арнат Айтбеков (Жетісу обл)
125 келі
Едіге Қасымбек (Алматы обл)
Әлішер Ерғали (Жамбыл обл)
Омархан Надиров (Астана қ)
Нұрсұлтан Азов (Ақмола обл)
Әйелдер күресі
65 келі
Айжан Суйдуова (Алматы обл)
Жаңыл Бекен (Алматы қ)
Гаухар Мұқатай (Алматы қ)
Гүлдана Өсербай (Түркістан обл)
76 келі
Гүлмарал Еркебаева (Астана қ)
Эльмира Сыздықова (Қарағанды обл)
Балжан Таспанбетова (Түркістан обл)
Анастасия Панасович (БҚО)
Әйелдер күресі бойынша жалпы командалық есеп
Түркістан облысы – 170 ұпай
Алматы облысы – 124 ұпай
Астана қаласы – 111 ұпай.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған