457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алмат Кебісбаев 38 жасында ел чемпионатында жеңіліп қалды

Кеше классикалық күрестен 60, 67, 87, 97 келіде және әйелдер екі салмақта үздіктерді анықтаған болатын. 

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының кезекті күнінде жеңімпаз балуандар есімі белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz

Кеше классикалық күрестен 60, 67, 87, 97 келіде және әйелдер екі салмақта үздіктерді анықтаған болатын. 

Грек-рим күресінен 67 келіде 26 балуан белдесіп, өте тартысты кездесулер өткізді. Нәтижесінде U23 санатындағы Азия чемпионы Бағдат Сабаз әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері, 38 жасқа аяқ басқан Алмас Кебіспаев және осы салмақтың көшбасшысы Мейіржан Шермаханбетті жеңді. 

60 келіде жастар арасында әлем чемпионы Исхар Курбаев финалда Ербол Камалиевке есе жіберсе, 87 келіде Париж Олимпиадасының қатысушысы Нұрсұлтан Тұрсынов топ жарды. 

60 келі
1. Ербол Камалиев (Алматы обл)
2. Исхар Курбаев (Жетісу обл)
3. Аманғали Бекболатов (СҚО)
3. Ақжол Тұяқов (Алматы қ)
67 келі
1. Бағдат Сабаз (Астана қ)
2. Мейіржан Шермаханбет (Шымкент қ)
3. Ержет Жарлықасын (Жамбыл обл)
3. Диас Сайлауов (Ақтөбе обл)
87 келі
1. Нұрсұлтан Тұрсынов (Абай обл)
2. Тимур Оспанов (Қостанай обл)
3. Бауыржан Мусин (СҚО)
3. Ерасыл Жеңіс (Жетісу обл)
97 келі
1. Ерзат Ерланов (Жамбыл обл)
2. Нұрасыл Аманалы (Жамбыл обл)
3. Темірлан Тұрдақын (ШҚО)
3. Мақсат Сайлау (Астана қ)
Әйелдер
50 келі

1. Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау обл)
2. Лаура Ғаниқызы (Алматы қ)
3. Гүлжазира Амантаева (Қостанай обл)
3. Светлана Анкичева (Астана қ)
59 келі
1. Виктория Хусаинова (Ақмола обл)
2. Мадина Аман (Түркістан обл)
3. Гүлдана Бекеш (Қарағанды обл)
3. Диана Каюмова (Астана қ).

Фото: Ашық дереккөзден