Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан әке атанды
Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әке атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы спортшының жұбайы қуанышты сәтпен әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Ол перзентханадан шығару сәтінен түсірілген суреттерді ұсынып, көпшілік ата-ана атанған жастарды құттықтады. Белгілі болған жағдай бойынша, әлем чемпионының отбасында қыз бала дүниеге келген.
Ризабек Айтмұқан 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында 92 келіде топ жарған болатын. Ол отандық еркін күрес тарихында әлем біріншілігінен алтын медаль иеленген алғашқы спортшы атанды. Сондай-ақ, балуан 2024 жылы U20, U23 санатында әлем чемпионатында чемпион атанды.
Өткен жылдың соңында Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлде алған балуан сол сында Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновті уақытынан бұрын жеңіп, сенсация жасаған еді.
Фото: tonyrotundo.smugmug.com
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған