Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов қызды болды

Еркін күрестен Загребте өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Нұрқожа Қайпанов қызды болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Белгілі балуанның жары Марина Седнева-Қайпанова кеше екінші қызын өмірге әкелген. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат жарияланып, балуанның жақындары оны айтулы қуанышымен құттықтады.
Нұрқожа Қайпанов 2020 жылдың соңында әйелдер күресінен ұлттық құрама мүшесі Марина Седневамен отау құрған еді. Спортшылар отбасы бүгінде күрес түрлерінен халықаралық аренада ел намысын табысты қорғап жүр.
Айта кететін жайт, отандық бозкілем шебері 13-21 қыркүйек күндері аралығында Хорватия астанасында өткен жаһан біріншілігінде кезекті жүлдесіне қол жеткізді. Бұл оның кәсіби мансабында әлем біріншілігінде қол жеткізген үшінші медальі болып отыр. Балуан 2019 жылы Астанада өткен дүнижүзілік чемпионатта күміс медаль иеленсе, былтыр Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Фото: tonyrotundo.smugmug.com


Ең көп оқылған
