Әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі жарияланды
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін 17 жасқа дейінгілер арасындағы күрестен әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Еркін күрес: Арын Жанат (45 кг), Бақдәулет Ағабек (48 кг), Сабыржан Рахатов (51 кг), Темірлан Мұрат (55 кг), Мардан Орынбасар (60 кг), Замир Данияр (65 кг), Әділет Рысбай (71 кг), Әділбек Ерболатов (80 кг), Нұрислам Айтуған (92 кг) және Сағындық Темірғали (110 кг).
Грек-рим күресі: Нұрислам Пахитжан (45 кг), Әли Алмас (48 кг), Қуанышбек Жанажол (51 кг), Дияр Аманәлі (55 кг), Нұралы Асқар (60 кг), Мирас Махамбет (65 кг), Әлинұр Төлеуғали (71 кг), Әлихан Кушев (80 кг), Әли Бекенғазы (92 кг) және Арыстан Темірғали (110 кг).
Әйелдер күресі: Аяру Ілияс (40 кг), Данара Даирбекова (43 кг), Інжу Баққожа (46 кг), Аянат Мейінбай (49 кг), Арайлым Көпжасар (53 кг), Арина Қуанышова (57 кг), Аружан Бақытнұр (61 кг), Айша Әбдімәлік (65 кг), Хадиша Флюк (69 кг) және Бағжан Құрманбай (73 кг).
Айта кетейік, U17 жас санатындағы әлем чемпионаты 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Әзербайжанның Баку қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы жарыста еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша толық құраммен бақ сынайды.
Фото: Бірікке күрес әлемі
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған