Әлем чемпионаты: Қазақстандық қос балуан ширек финалда сүрінді

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ержет Жарылқасын мен Ислам Евлоев қарсыласына жол берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Ержет Жарлықасын Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай ширек финалында Айтжан Халмахановпен (Өзбекстан) күш сынасқан еді. Алайда отандасымыз өзбек балуанынан 8:0 есебімен жеңілді.
Енді отандасымыз өзбек спортшысының жартылай финалдағы нәтижесін күтеді. Егер Халмаханов ақтық сынға өтсе, Ержет ертең жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.
Еске сала кетейік, Жарлықасын былтыр күзде Албанияда өткен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.
Отандасымыз Ислам Евлоев Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатының ширек финалында Александр Комаровпен (Сербия) белдесіп, жол берді. Есеп: 1-1.
Алғашқы ұпай алған былтыр Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған Комаров келесі кезеңге жолдама алды.
Егер Сербия өкілі жартылай финалда жеңіске жетсе, отандасымыз ертең жұбаныш кезеңіне қатысады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы


Ең көп оқылған
