457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде сынға түседі

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды

Хорватияда күрес түрлерінен жатқан әлем чемпионатында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Грек-рим күресінен 77 келіде белдескен қазақстандық балуан ширек финалда жапон спортшысы Нао Кусакамен кездесті. Қос балуан былтыр Париж Олимпиадасының финалында күресіп, күншығыс елінің өкілі басым түскен болатын. Хорватия астанасындағы кезекті кездесуде Демеу байырғы қарсыласына 4:2 есебімен жол берді.

Қарсыласының финалға шығуына байланысты отандасымыз жұбаныш белдесуін өткізеді. Енді ол Үндістан/Украина балуандарының бірімен кездеседі. Егер жеңіске жетсе, әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Венгрия өкілі Роберт Аттиламен шеберлік байқаспақ.

Бүгін Демеу Жадыраев әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндия мен Сербия балуандарынан басым түскен еді.

Фото: UWW