457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Демеу Жадыраев қола үшін күреседі

Олимпиалда жүлдегері әлем чемпионатында жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев әлем чемпионатында жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Грек-рим күресінен 77 келіде белдескен Демеу ширек финалда жапон спортшысы Нао Кусакаға 4:2 есебімен жол берді. Алайда қарсыласының финалға шығуына байланысты отандасымыз жұбаныш белдесуінде Украина балуаныме күресіп, 3:1 есебімен басым түсті. Енді ол әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Венгрия өкілі Роберт Аттиламен өзара мықтыны анықтайды. Демеу Жадыраев әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндия мен Сербия балуандарынан басым түскен еді.

Сондай-ақ, грек-рим күресінен Мерей Мәулітханов (72 кг) ширек финалға шығып отыр. Ол алғашқы белдесуінде фин балуаны Матиас Олави Иисакки Липастиден 3:0 есебімен басым түссе, 1/8 финалда сербиялық Али Фейзоллах Арсаланды 5:3нәтижесімен жеңіп, ширек финалға өтті. Енді отандасымыз жартылай финал жолдамасын украин балуаны Парвиз Насибовпен сарапқа салмақ.Украина балуаны Токио және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері (67 кг).

60 келіде Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде АҚШ балуанынан 7:1 есебімен басым түсті. Енді ол 1/8 финалда Израиль балуанымен белдеспек. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы