Мәзір
Күрес

Әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Мерей Мәулітханов жартылай финалға шықты

Сабина Асқарқызы 236 қаралым
Әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Мерей Мәулітханов жартылай финалға шықты

Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60) мен Мерей Мәулітханов (72 кг) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Айдос Сұлтанғали 60 келіде ширек финалда Солтүстік Корея балуаны Ли Се Ынды 1:1 есебімен жеңді. Айта кететін жайт, Ли Сен Ын Париж Олимпиадасының жүлдегері. 

72 келіде Мерей Мәулітханов ширек финалда Украина балуаны Парвиз Насибовты 4:3 есебімен жеңді. Парвиз Токио және Париж Олимпиадаларының күміс жүлдегері. 

Сонымен бірге, бүгін Демеу Жадыраев (77 кг) қола жүлде үшін Венгрия балуанымен белдеседі. 

Фото: sportbugin.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар