Мәзір
Күрес

Әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Мерей Мәулетқанов алғашқы белдесуде жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 249 қаралым
Әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали мен Мерей Мәулетқанов  алғашқы белдесуде жеңіске жетті

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары Айдос Сұлтанғали мен Мерей Мәулетқанов Хорватиядағы әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында отандастарымыз Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде Панамерика чемпионы Хоппер Блэкті (АҚШ) жеңді.

Сондай-ақ, Мерей Мәулетқанов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол (-72 кг) іріктеу кезеңінде Липаста Матиас Олавидің (Финляндия) адымын аштырмады. Есеп: 3-0. Айта кетейік, Мәулетқанов үшін бұл ересектер арасындағы бірінші дүниежүзілік бәсеке. Ол - биыл көктемде Астанада өткен Қазақстан кубогының жеңімпазы.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар