Айша Әбдімәлік әлем чемпионатының финалында күміс жүлдеге ие болды
Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, деп жазады malimsports.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды.
Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды. Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.
Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Аналитика
|
25.08.2026 17:59
2026-08-25 17:59:00
Ең көп оқылған