457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Ол – әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері.

Нұрсұлтан Теміров әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Нұрсұлтан Маратұлы – құрама құрылымындағы тәжірибелі әрі білікті мамандардың бірі. Ол халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау ісін жетік меңгерген, ұзақ мерзімді спорттық жетілдіру жүйесін қалыптастырған кәсіби бапкер ретінде танымал.

Айта кету керек, ол – әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері. Оның жетекшілігімен Жәмила халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Бұған дейін еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Данияр Қайсанов тағайындалған болатын.

Жаңа тағайындаулар отандық күрес спортының дамуына тың серпін беріп, халықаралық додалардағы нәтижені жақсартуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Фото: Ашық дереккөзден