Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Виктория Хусаинова екінші белдесуінде, ал Зульфия Яхьярова бірінші айналымда жеңілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол 1/8 айналымда Моңғолия өкіліне 9:1 есебімен есе жіберді. Енді қарсыласы финалға шықса, Хусаинова ертең жұбаныш кезеңіне бақ сынайды.
Сондай-ақ, Зульфия Яхьярова әлем чемпионатының 1/8 финалында түркиялық Эльвира Сулейман Камалоглуға есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.
Бұған дейін ерлер арасында 97 келіде белдескен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан алғашқы айналымда UWW құрамасының өкіліне 5:4 нәтижесімен жол берген болатын.
Сондай-ақ, 65 келіде легионер Начын Куулар алғашқы белдесуін Қытай балуанын 10:0, 1/16 финалда Колумбия спортшысын 10:0 есебімен жеңді. Енді ол 1/8 финалда UWW құрамасының балуаны Ибрагим Ибрагимовпен күреспек.
Сонымен бірге, 92 келіде Камиль Куруглиев жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, енді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін парсы балуанымен күреседі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы