457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Айдос Сұлтанғалиға пәтер кілтін табыстады

Чемпионға пәтерді күрес түрлерінен жылдың қорытынды іс-шарасында сыйлады

Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға еліміздің күрес түрлері федерациясының жаңа басшы Еркін Оқасов пәтер кілтін табыс етті.

Чемпионға пәтерді күрес түрлерінен жылдың қорытынды іс-шарасында сыйлады.

Еске салсақ, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

21 қыркүйекте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Айта кетелік, Айдос Сұлтанғали 1996 жылғы 7 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ол Загребтегі финалдық бәскеде Өзбекстан балуаны Әлішер Ганиевті таза жеңді.

Бұл – грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 26 жылдан кейін қол жеткізген алтын медаль.

Фото: Kazwrestling