Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерімен күреседі

Загребте грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келіде қазақстандық Айдос Сұлтанғали ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол 1/8 финалда Израиль балуанын 11:2 есебімен жеңді! Енді ол жартылай финал жолдамасын солтүстіккореялық Ли Се Ынмен сарапқа салады. Ли – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері! Биыл Амманда өткен Азия чемпионатында топ жарған.
Бұған дейін Демеу Жадыраев (77 кг) жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкін алса, Мерей Мәулітханов (72 кг) ширек финалға шыққан еді. Мерей алғашқы белдесуінде фин балуаны Матиас Олави Иисакки Липастиден 3:0 есебімен басым түссе, 1/8 финалда сербиялық Али Фейзоллах Арсаланды 5:3нәтижесімен жеңіп, ширек финалға өтті.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ең көп оқылған
