Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.
Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2.
Өкінішке қарай, 72 келіде белдескен Мерей Мәулетханов финалға шығар жолда француз балуанына жол берді. Енді ол әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.
Сондай-ақ, бүгін 77 келіде Демеу Жадыраев әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Венгрия спортшысымен кездеседі.
Фото: UWW


Ең көп оқылған
