Әділет Алмат Линц Гран-приінің жартылай финалына шықты
Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде ҚР ұлттық құрамасының балуаны Әділет Алмат жартылай финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
1bol.kz-тің жазуынша, 81 келіде күрескен отандасымыз ширек финалда Әзірбайжан балуаны Омар Раджаблиден айласын асырды. Отандасымыз іріктеу кезеңдерінде Молдова, Бразилия және Эстония балуандарын қапы қалдырды.
Сонымен бірге аталған салмақта күрескен Абылайхан Жұбаназар ширек финалда Финляндия балуанынан жеңіліп қалды. Абылайхан іріктеу бәсекелерінде АҚШ және Нидерданд балуандарын жеңген болатын. Айта кететін жайт, қызылордалық балуан ақпан айының басында Париж Гранд Слэмінде қола жүлде иеленді.
Бүгін татамиге шыққан Қазақстан балуандары арасында 63 келіде Есмигүл Куюлова мен Ажар Асхат (70 келі) екінші айналымда есе жіберді.
Сондай-ақ, 73 келіде күрескен Есет Қуанов пен Дастан Шаяхметов бірінші айналымда жеңіліп, жанкүйерлер алдында жерге қарады.
Линц турниріне әлемнің 59 елінен 479 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 8 наурызға дейін созылады.
Фото: ijf.org
Ең көп оқылған