Абу-Даби татамиіндегі тартыс: ел намысын кімдер қорғайды
Дзюдодан БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы тізімі жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Биылғы додада 14 қазақстандық дзюдошы татамиге шығып, жүлдеге таласады. Олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.
Ерлер құрамасы:
60 кг дейін:
Мағжан Шамшадин
Аман Бақытжан
66 кг дейін:
Ғұсман Қырғызбаев
Нұрқанат Серікбаев
73 кг дейін:
Есет Қуанов
81 кг дейін:
Абылайхан Жұбаназар
Азат Күмісбай
90 кг дейін:
Ермахан Әнуарбеков
100 кг дейін:
Нұрлыхан Шархан
Марат Байқамұров
100 кг жоғары:
Еламан Ерғалиев
Әйелдер құрамасы:
48 кг дейін:
Әбиба Әбужақынова
57 кг дейін:
Бақыт Құсақбаева
63 кг дейін:
Эсмигүл Куюлова
Айта кетейік, беделді Grand Slam турнирі 28-30 қараша аралығында өтеді.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған