Мәзір
Күрес

Абиба Әбужақынова Grand Slam жарысында қола жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы 152 қаралым
Абиба Әбужақынова Grand Slam жарысында қола жүлдегер атанды

Дзюдодан ұлттық құрама спортшысы Абиба Әбужақынова (-48 кг) Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы бәсекеде үшінші орынға ие болды.

Қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде испаниялық Ева Перес Солермен татамиге шықты.

Тартысты өткен кездесуде Абиба қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жүлделі үштіктен орын алды. Осылайша отандасымыз турнирдің қола медалін иеленіп, Қазақстан қоржынына жүлде салды.

Жарыстың алғашқы күні финалдық блокқа дейін жеткен жалғыз қазақстандық спортшы дәл осы – Абиба Әбужақынова болды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар