Мәзір
Күрес

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады

Сабина Асқарқызы 237 қаралым
Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көш бастады, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Отандасымыз 5021 ұпай жинап, рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Екінші орында – Сабина Гилязова (4738 ұпай), үшінші орында – Италия спортшысы Ассунта Скутто (4727 ұпай).
Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық дзюдошылар сапынан тек Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг әлем рейтингінде бірінші орындардан көрінген.

Фото: ҚР дзюдо федерациясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар