457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абдулрашид Садулаев жарақатынан кейін қашан бозкілемге оралатынын айтты

Ол Ресей құрамасының бас бапкері Хаджимурат Гацалов өзіне әлем чемпионатына іріктеуге қатысуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев жарақатынан кейінгі қалпына келу барысы туралы айтып, жақын уақытта бозкілемге қайта шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

«Барлығы жақсы. Қалпына келу процесі өте жақсы жүріп жатыр. Алла қаласа, екі-үш аптадан кейін қайтадан бозкілемге ораламын», – деді Садулаев Ресей спорттық күрес федерациясының Telegram-арнасына жарияланған бейнежазбада. 

Сондай-ақ ол Ресей құрамасының бас бапкері Хаджимурат Гацалов өзіне әлем чемпионатына іріктеуге қатысуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Мен әдейі жарақат алған жоқпын. Осындай жағдай болды. Бұл - спорттың бір бөлшегі, мұндай жағдайлар кез келген спортшының басынан өтеді», - деді балуан.

Еске салайық, Абдулрашид Садулаев 11 шілдеде Тбилисиде өткен Real American Freestyle (RAF) лигасындағы дебюттік кездесуінде америкалық Кайл Снайдерге есе жіберіп, чемпиондық белбеуді жеңіп ала алмады. Белдесу барысында ол аяғынан жарақат алған болатын.

30 жастағы Садулаев - еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы және алты дүркін Еуропа чемпионы.

Айта кетейік, 2026 жылғы еркін күрестен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астана қаласында өтеді.

Фото: Ашық дереккөзден