Абдулрашид Садулаев Кайл Снайдерден жеңіліп, ауруханаға түсті
Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаев Real American Freestyle (RAF) ұйымындағы дебюттік белдесуінен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Садулаев ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен кездесуде америкалық Кайл Снайдерге 4:5 есебімен жол берді. Белдесу аяқталғаннан кейін ресейлік балуан кілемнен өздігінен кете алмай, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды.
Бұған дейін спортшының командасы Садулаевтың тізесінен жарақат алғанын хабарлаған еді.
30 жастағы Абдулрашид Садулаев – еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2020), сондай-ақ алты дүркін әлем және Еуропа чемпионы.
Оның қарсыласы Кайл Снайдер де 30 жаста. Америкалық балуан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы саналады.
Айта кетейік, Садулаев пен Снайдердің өзара кездесулеріндегі есеп ұзақ уақыт ресейлік балуанның пайдасында болған. 2017 жылғы әлем чемпионатының финалында Снайдер 6:5 есебімен жеңіске жетсе, кейінгі үш ірі турнирде Садулаев басым түсті. Ол 2018 жылғы әлем чемпионатының финалында қарсыласын таза жеңсе, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының финалында 6:3, ал 2021 жылғы әлем чемпионатының финалында 6:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал RAF ұйымындағы соңғы титулдық белдесуде жеңіс Кайл Снайдерге бұйырды.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған