2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткіземіз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлеп, спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілетінін айтты.
Президенттің айтуынша, Қазақстан жапон халқының дәстүрлі жекпе-жек өнерлерін кеңінен дәріптеуге мүдделі.
«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дамытуға әзірміз. Қазақстан 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жуырда қазақтан шыққан танымал сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) кездескенін атап өтті.
«Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен таныстым. Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайта түсетініне сенемін», – деді Президент.
Еске сала кетейік, бұған дейін Токио қаласында мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездескен болатын. Президент оның жетістіктерін Қазақстан халқы мақтан тұтатынын атап өткен еді.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған