457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында финалға дейін жетті

Ұлттық құрама спортшысы финалдық сында 12,000 ұпай жинап, жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Қытайдың Цуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 13-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек кермедегі жаттығулардың финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz

Ұлттық құрама спортшысы финалдық сында 12,000 ұпай жинап, жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Кермедегі жаттығулар бойынша финал нәтижелері:

1-орын – Тан Чиа-Хун (Тайбэй) – 15,500 ұпай
2-орын – Чжан Бохэн (Қытай) – 15,000 ұпай
3-орын – Маэда Фусуке (Жапония) – 14,300 ұпай

Қазақстандық Диас Тойшыбек 12,000 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, биылғы Азия чемпионатының маңызы зор. Өйткені бұл дода 2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін XX Азия ойындарына дайындық пен іріктеудің негізгі кезеңдерінің бірі саналады.

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 18-28 маусым аралығында Қытайдың Цуньи қаласында өтуде.