Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты
Германияның Франкфурт қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әйелдер арасындағы көпсайыс финалында Қазақстан құрамасының 16 жастағы өкілі Ақмарал Ерекешева өз мансабындағы ең жоғары нәтижені көрсетіп, 116.000 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.
Әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Германия өкілі Дарья Варфоломеева 119.500 ұпай жинады. Күміс медаль Болгария спортшысы Стилияна Николоваға (117.600 ұпай) бұйырса, Италия өкілі София Раффаэли 117.550 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, жекелей көпсайыс бәсекесінде 73 елден 102 гимнаст бақ сынады.
Енді Ақмарал Ерекешева 16 тамызда таспа және ұршық жаттығуларының финалында медаль үшін күреседі.
Фото: СДД
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған