Ақмарал Ерекешева Миландағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекелей сында Қазақстан намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғады.
Қазақстан құрамасы сапындағы ең жоғары нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол ұршықтармен орындалатын жаттығуда тоғызыншы орын алып, финалға бір қадам жетпей тоқтады. Сонымен қатар көпсайыс қорытындысында 11-орынға тұрақтады.
Жекелеген жаттығуларда Ерекешева шығыршықпен – 13, шоқпармен – 15, ал доппен 18-орынға ие болды.
Айбота Ертайқызы көпсайыс бойынша 32-орыннан көрінді. Ол лентамен орындалатын жаттығуда 12, доппен – 22, шығыршықпен – 35 және сойылмен – 63-орын алды.
Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы топтық жаттығуларда да өнер көрсетті. Ұлттық құрама көпсайыс нәтижесінде 15-орынға тұрақтады. Бес доппен орындалатын бағдарламада қазақстандық гимнастар 19-нәтиже көрсетсе, үш шығыршық пен екі ұршықпен орындалатын жаттығуда 12-орынға ие болды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған