Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында үш финалға жолдама алды
Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы сапында ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетіп жатқан Ақмарал Ерекешева бірден үш финалға жолдама алды.
Көпсайыста спортшы 84,200 ұпай жинап, 8-орынмен шешуші кезеңге өтті. Бұл сында барлығы 18 гимнаст финалда өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Ақмарал жекелеген жаттығу түрлерінде де жүлдеге таласады. Ол:
ұршықтармен жаттығуда 29,000 ұпай жинап, 4-орын алды;
таспамен жаттығуда 28,350 ұпай жинап, 4-орынға тұрақтады.
Жекелеген жаттығулардың әрқайсысында үздік сегіз гимнаст финалға өтті.
Қазақстанның тағы бір өкілі Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңінен аса алмады. Көпсайыста ол 24-орын иеленді. Жекелеген жаттығуларда шығыршықпен 10-орын, доппен 33-орын, ұршықтармен 15-орын және таспамен 32-орын көрсетті.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 14 тамызда басталады.
Фото: ҰОК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған