457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көркем гимнастикадан Италиядағы Әлем кубогына Қазақстаннан кімдер қатысады?

Халықаралық гимнастика федерациясы Миланда өтетін көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста жекелей және топтық бағдарламалар бойынша бақ сынайды.

Жекелей сында ел намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.

Ал топтық жаттығулар бағдарламасында Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хакимжанова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі 10-12 шілде аралығында Италияның Милан қаласында өтеді. Бұл дода халықаралық маусымдағы маңызды жарыстардың бірі саналады.

 

Фото: ҰОК